Kantarbaev Ardak Amangeldinovach Құрметті жерлестер, сайт меймандары!

Баршаңызға Май ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда, өздеріңізбен ресми сайт арқылы ой бөлісу - қоғам мен билік арасын жақындата түсеріне сенімдімін.
Біз үшін ауданның келешегі мен күнделікті тірлігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынның пікірі аса маңызды.
Сондықтан да, ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып, нақты ұсыныстарыңыз болса, біз әр уақытта да жауап беруге дайынбыз.
Мен әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақырамын.

Ізгі ниетпен, аудан әкімі,
А. Қаңтарбаев

main-orn main-orn main-orn main-orn

Елбасының Жолдауы насихатталуда

IMG-20180118-WA0006Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Елбасымыздың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық үгіт насихат тобы Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Татымбекұлының төрағалық етуімен Май ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен және Малайсары селолық округі тұрғындарымен кездесу жүргізді. Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы,

Толығырақ...

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Май аудандық әділет басқармасының ұжымымен 2018ж.16.01. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халқына Жолдауы оқылды және талқыланды. Елбасы өз Жолдауында Қазақстан азаматтары үшін 10 жаңа міндет қойды.

Толығырақ...

Бүгінгі күннің талабына сай жолдауға қолдау

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы-ел өміріндегі елеулі оқиға. Олай дейтініміз,замануи технологиялар өзгеріске ұшырап, жаһандық ілгерілеушілер өзімен бірге сын-қатерлерді де ала келуде. Бұл Жолдау көрегендіктің тағы бір көркем де керемет көрінісі.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Елбасы Жолдауында тайға басқан таңбадай ап-айқын көрініп тұр». Бұл Жолдаудың әр бөлімі, әр абзацы ғана емес, әр жолы-«Мәнгілік Елге» алып баратын «Нұрлы жол».

Толығырақ...

Мәжіліс депутаттары Май елінде

2018 жылдың 9 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішенбаев және "Қазақтелеком" АҚ, "Эйр Астана" АҚ-ның директорлар Кеңесінде "Самұрық-Қазына" АҚ-ның өкілі Нұржан Байдәулетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілерімен танысу, депутаттық корпуспен және аудан активімен кездесу мақсатында ауданымызға жұмыс сапарымен келді.

Толығырақ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРӨНДІРУШІЛЕРІ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларының 8 тармағына сәйкес «Май ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-сі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау үшін өтінімдерді қабылдау 2018 жылғы 20 қаңтарынан басталатыны туралы хабарлайды.

Толығырақ...

Құрамында ГМО-сы бар тыйым салынған өнім жайлы ақпарат

Май аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы адам өміріне, денсаулығына және тіршілік ету ортасына қауіп төндіретін келесі америкалық өндірушілердің бірқатар өнімдерінде генетикалық түрлендірілген соя мен жүгері генінің сандық мөлшерінің асыра сандық артқаны фактілері анықталғандығын хабарлайды:

Толығырақ...

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala